Қазақстанға келетін ойыншықтардың үштен бірі бала өміріне қауіпті болып шықты
newsare.net
Қазақстанға кіргізілетін ойыншықтардың үштен бірі бала өміріне қауіпті екені анықталды. Ал олардың басым бөлігі Қытай мен Түркиядан әкелінҚазақстанға келетін ойыншықтардың үштен бірі бала өміріне қауіпті болып шықты
Қазақстанға кіргізілетін ойыншықтардың үштен бірі бала өміріне қауіпті екені анықталды. Ал олардың басым бөлігі Қытай мен Түркиядан әкелінеді екен. Көрнекі фото: aventail.ru Десе де, мәселенің себебімен емес салдарымен күрескен Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысы Бақытжан Сағынтаевқа жақпай қалды. Премьер-министрдің сөзінше, сапасыз ойыншық тасымалдайтын бизнесмендерге айыппұл төлеу түк емес. Оның үстіне шекараларда бақылау төмен. Сол себепті де улы ойыншықтар базарлар мен дүкен сөрелерінде толып тұр. Осы орайда Үкімет басшысы қауіпті тауарларды елімізге мүлдем кіргізбеуге тапсырма берді. «Алда жаңа жыл келе жатыр. Жұрттың барлығы балалары мен немерелеріне ойыншық сатып алады. Сонда қауіптісін қалай таңдаймыз? Меніңше халықты құлақтандыру керек. Сауда үйлерінде улы ойыншық болса, сатылуына жол бермеуіміз қажет», - дейді Бақытжан Сағынтаев. Read more