Ақтөбе облысында 39 жастағы аудан әкімі өзінің ұзату тойын дүркіретіп өткізді
newsare.net
Ақтөбе облысының Ойыл ауданын басқарып отырған 39 жастағы Бұлбұл Күзембаева жақында келін атанды. Атағын шығарып, лауазымды қызметте отырғаАқтөбе облысында 39 жастағы аудан әкімі өзінің ұзату тойын дүркіретіп өткізді
Ақтөбе облысының Ойыл ауданын басқарып отырған 39 жастағы Бұлбұл Күзембаева жақында келін атанды. Атағын шығарып, лауазымды қызметте отырған шенді бақытын тауып, дүркіретіп той жасаған. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды. Әкім қыздың ұзату тойы. Фото: nur.kz Әкім қыздың қуанышын бөліскен ақтөбелік шенділердің суреті Instagram желісіне жарияланды. Тойға облыстағы барлық басқарма басшылары мен депутаттар қатысқан. «Мемлекеттік және басшылық қызметтерде жүріп, отбасылық өмірді қатар алып жүрген біраз азаматшаларды білемін. Олардың ішінде көпбалалы аналар да бар. Әркімнің өмірі өз қолында. Адам болғаннан кейін отбасын құру - өмірдің заңы. Отбасымен қатар елге қызмет етіп, жұмысты алып жүру мүмкін болса, ол керемет деп ойлаймын. Сондықтан, сіңілілеріме отбасын құру керек деп айтар едім. Әр адамның артында із қалу керек», - дейді келін атанған Ойыл ауданының әкімі Бұлбұл Күзембаева. Әкім қыздың ұзату тойы. Фото: nur.kz Бұлбұл Бисембайқызы тойын өткізгеннен кейін ұзамай қызметіне кірісіп кеткен. «Келіндік өмір керемет өтіп жатыр (күліп). Мен өзім қазақы отбасынан шыққан адаммын. Сондықтан маған ешқандай да қиындық жоқ. Жұмыс өз алдына, үйдегі жағдай бөлек», - дейді ол. Шенеунік таңдап жүріп тапқан жолдасы туралы ақпарат беруден бас тартты. «Менің жолдасым туралы ақпарат жасырын болып қалсын. Ол кісі туралы мен жарияламай-ақ қояйын. Күйеуім менің қызметімді жалғастыруымды қолдайды, түсіністікпен қарайды. Жұмысымды жалғастырамын, оған жан-жақты қолдау бар», - дейді Күзембаева. Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98 Тағы оқыңыздар: Бейтарап тумен шығады: Ресейлік спортшылар қысқы олимпиадаға қатыспақшы Елімізде кәмелет жасқа толмағандарға ата-анасыз құлшылық етуге тыйым салынды Жаңа ғашығымен төсекте жатқан суретін бұрынғы жігітіне жіберген қыз өкініп қалды Жыл қателігі: Бір метр жерден гол соға алмаған ресейлік футболшы ұятқа қалды (видео) Шымкентте соқталдай жігіттер күзетші мен кассир қызды ұрып, букмекерлік кеңсені тонаған Read more