Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде отырған кісіні қағып өлтірген
newsare.net
Алматыда Гагарин көшесінде жол үстінде отырған кісіні автобус қағып өлтірді деп хабарлады оқиға куәгерлері Sputnik Қазақстан агенттігіне. ФоАлматыда автобус жүргізушісі жол үстінде отырған кісіні қағып өлтірген
Алматыда Гагарин көшесінде жол үстінде отырған кісіні автобус қағып өлтірді деп хабарлады оқиға куәгерлері Sputnik Қазақстан агенттігіне. Фото Sputnik Казахстан Гагарин көшесі бойымен келе жатқан 81 бағытындағы автобустың жүргізушісі Қарасай батыр және Қабанбай батыр көшелерінің арасында жолда отырған адамды байқамай қалып, тежегішті басуға үлгермей, қағып кеткен. Зардап шегуші алған жарақатының салдарынан жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері қаза тапқан адамның қалтасынан жеке куәлігін таппаған. Оқиға орнында криминалдық және жол полициясы қызметкерлері мән-жайды анықтап жатыр. Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98 Тағы оқыңыздар: Бейтарап тумен шығады: Ресейлік спортшылар қысқы олимпиадаға қатыспақшы Елімізде кәмелет жасқа толмағандарға ата-анасыз құлшылық етуге тыйым салынды Жаңа ғашығымен төсекте жатқан суретін бұрынғы жігітіне жіберген қыз өкініп қалды Жыл қателігі: Бір метр жерден гол соға алмаған ресейлік футболшы ұятқа қалды (видео) Шымкентте соқталдай жігіттер күзетші мен кассир қызды ұрып, букмекерлік кеңсені тонаған Read more