БАҚ: Айқын өзіне ұл туып берген Жұлдыз Өмірғалиге продюсер болмақ
newsare.net
Танымал әнші Айқын Төлепберген жуырда ғана ана атанған Жұлдыз Өмірғалиге продюсер болмақ. Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламБАҚ: Айқын өзіне ұл туып берген Жұлдыз Өмірғалиге продюсер болмақ
Танымал әнші Айқын Төлепберген жуырда ғана ана атанған Жұлдыз Өмірғалиге продюсер болмақ. Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды деп хабарлайды NUR.KZ. Коллаж: NUR.KZ Бағдарламада бұл деректі сенімді дереккөз хабарлағаны туралы айтылды. Олардың айтуынша, Жаңа жылдан кейін Айқын Жұлдыздың бағын жеке солист ретінде жағып көрмек. «Айқын »Кешью« тобының бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғалиге продюсер болмақ. Бұл ақпаратты жұлдызды жұптың жақындары хабарлады. Әзірге Жұлдыздың декреттік демалыстан кейінгі сахнаға оралу уақыты белгісіз. Дегенмен, сенімді дереккөздеріне сүйенсек, сүйіктісіне продюсер болғалы жүрген Айқын Жұлдызды Жаңа жылда көпшілікке жеке әнші ретінде таныстырғалы жүр екен», - делінді бағдарламада. Сонымен бірге олардың бұл ойы туралы Айқынның жақын досы Дастан Оразбеков те өз пікірімен бөлісті: «Бүгінгі таңда біріне бірі продюсер болу, шынымды айтсам... Бос уақыты болып жатса, неге жоқ?! Шынымды айтсам, менің бос уақытым жоқ, сондықтан мен бола алмаймын... Жұптар көп болып кеткен. Құралай мен Мирас ағамыз бар, Жанболат пен Жазира бар, ақыры ондай дүние болып жатса... Оның үстіне менің ойымша, ол - жұмыстың көбеюі, сұраныстың көбеюі. Сондықтан да әбден мүмкін...», - деп екіұшты ойын айтты әнші. Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98 Тағы оқыңыздар: Бейтарап тумен шығады: Ресейлік спортшылар қысқы олимпиадаға қатыспақшы Елімізде кәмелет жасқа толмағандарға ата-анасыз құлшылық етуге тыйым салынды Жаңа ғашығымен төсекте жатқан суретін бұрынғы жігітіне жіберген қыз өкініп қалды Жыл қателігі: Бір метр жерден гол соға алмаған ресейлік футболшы ұятқа қалды (видео) Шымкентте соқталдай жігіттер күзетші мен кассир қызды ұрып, букмекерлік кеңсені тонаған Read more